Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақша мәтінді дыбыстайтын Telegram-бот іске қосылды

26.05.2023, 12:40 785

HALYQLINE.KZ

Елімізде «Тіл-Қазына» орталығының IT-мамандары қазақ тіліндегі мәтінді дыбысқа айналдыратын Telegram-бот әзірлеп, іске қосты. Мұны Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

 «Бұл инновациялық бот коммуникация саласындағы үлкен жаңалық және ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін, сондай-ақ қазақ тіліндегі ақпаратқа тез қол жеткізгісі келетіндер үшін жаңа мүмкіндіктер береді.

Microsoft Azure интеграциясы арқылы Telegram-бот қазақ тілінде жазылған мәтінді жоғары деңгейде дыбысқа айналдырып, түрлендіре алады. Бұл қазақ тіліндегі кітаптарды, жаңалықтар мен мақалаларды, оқу материалдарын және басқа да мәтіндерді әр түрлі жағдайда пайдалануға мүмкіндік туғызады. Осыған орай, пайдаланушылар аталған ботты өз контактілеріне қосып, оған бірден қазақ тіліндегі мәтінді жіберу арқылы жаңа функционалды қолдана алады. Ботты Телеграмм каналында @kztts_bot атауы арқылы табуға болады. Бот мәтінді жылдам әрі сапалы дыбыстап, пайдаланушыға аудиофайлды кез-келген уақытта тыңдай алатындай етіп қайта жолдайды. Қазіргі уақытта бот Айгүл мен Дәулеттің дауысы арқылы дыбысталады.

Бұл прогрессивті Telegram-бот қазақ тіліндегі ақпаратқа қолжетімділікті арттыру үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Ол көптеген адамдар үшін пайдалы құралға айналады және цифрлық коммуникациялар дәуірінде қазақ мәдениетінің дамуы мен сақталуына ықпал етеді», – делінген хабарламада.

Пікірлер:
  • Ринат Шамшырақ әйелі Аружанмен бейнебаян түсірілімі кезінде танысқан.

    Жақында ғана шаңырақ көтерген жас әнші Ринат Шамшырақ алғаш рет әйелі туралы айтты. Өнерпаз келіншегі өзінен үлкен екенін және бұрын тұрмыста болғанын растады. Сөзінше, бастапқыда ата-анасы олардың қосылуына түбегейлі қарсы болған,

    Ринат Шамшырақ әйелі Аружанмен бейнебаян түсірілімі кезінде танысқан. Әншінің сөзінше, ол сүйіктісін бір көргеннен ұнатып қалған. Ол көп ұзамай ғашығын ата-анасымен таныстырмақ болып, бірге ауылда Жаңа жыл қарсы алуға барған екен. Бастапқыда өнерпаздың ата-анасы Аружанды өте жақсы қабылдаған. Алайда кейіннен ол жайлы көп мағлұматты білген соң, әншінің жақындары өз қарсылығын ашық айтқан. Белгілі болғандай, әншінің сүйіктісі жасы өзінен үлкен әрі бұған дейін тұрмыста болған. Сонымен қатар Аружанның бірінші некеден баласы бар екен.

    «Біздің кездесіп жүргеніміз бір жылдан кейін белгілі болды. Бұл әңгіме үйдегілерге де жетті. Сосын анам хабарласып, «Аружанды үйге алып кел, танысайық» деді. Бірақ анам басында жасы менен үлкен екенін, тұрмыста болғанын және баласы бар екенін білмеді. Екеуіміз ауылға Жаңа жылды қарсы алуға бардық. Арукама бәрі қызықты. Біз қалаға қайтқан соң, қызықтың бәрі басталды. Бәрі жиналып, «қандай қыз?», «неге Ринатпен бірге келді?» деп сұрастыра бастады. Солай Арудың Instagram парақшасын зерттеп шыққан. Бұл кісі бұрынғы мұрағаттарды өшірмеген. Бәрі белгілі болады. Солай менің туыстарымның арасында әңгіме басталады. Сосын анамның ойы өзгеріп, маған ашық түрде қарсылығын айтады. Барлық жақындарым, ағаларым хабарласып, ақыл айтты. Тіпті өнердегі ағаларым да маған ренішін айтып, арақатынасты тоқтатуымды сұрады. Не істерімді білмей кеттім. Қатты жақсы көрем, қимаймын. Солай жүргенде қатты ауырып қалдым. Ота жасайтын болды. Сол кезде бұл кісінің қолдауы ерекше болды. Оны ұмытуға тырыстым. Желіде кім шығады, сол қызбен сөйлестім. Бірақ оның орнын ешкім баса алмады», – деді Ринат Шамшырақ

  • Ринат Шамшырақ әйелі Аружанмен бейнебаян түсірілімі кезінде танысқан.
    Жақында ғана шаңырақ көтерген жас әнші Ринат Шамшырақ алғаш рет әйелі туралы айтты. Өнерпаз келіншегі өзінен үлкен екенін және бұрын тұрмыста болғанын растады. Сөзінше, бастапқыда ата-анасы олардың қосылуына түбегейлі қарсы болған,
    Ринат Шамшырақ әйелі Аружанмен бейнебаян түсірілімі кезінде танысқан. Әншінің сөзінше, ол сүйіктісін бір көргеннен ұнатып қалған. Ол көп ұзамай ғашығын ата-анасымен таныстырмақ болып, бірге ауылда Жаңа жыл қарсы алуға барған екен. Бастапқыда өнерпаздың ата-анасы Аружанды өте жақсы қабылдаған. Алайда кейіннен ол жайлы көп мағлұматты білген соң, әншінің жақындары өз қарсылығын ашық айтқан. Белгілі болғандай, әншінің сүйіктісі жасы өзінен үлкен әрі бұған дейін тұрмыста болған. Сонымен қатар Аружанның бірінші некеден баласы бар екен.Біздің кездесіп жүргеніміз бір жылдан кейін белгілі болды. Бұл әңгіме үйдегілерге де жетті. Сосын анам хабарласып, «Аружанды үйге алып кел, танысайық» деді. Бірақ анам басында жасы менен үлкен екенін, тұрмыста болғанын және баласы бар екенін білмеді. Екеуіміз ауылға Жаңа жылды қарсы алуға бардық. Арукама бәрі қызықты. Біз қалаға қайтқан соң, қызықтың бәрі басталды. Бәрі жиналып, «қандай қыз?», «неге Ринатпен бірге келді?» деп сұрастыра бастады. Солай Арудың Instagram парақшасын зерттеп шыққан. Бұл кісі бұрынғы мұрағаттарды өшірмеген. Бәрі белгілі болады. Солай менің туыстарымның арасында әңгіме басталады. Сосын анамның ойы өзгеріп, маған ашық түрде қарсылығын айтады. Барлық жақындарым, ағаларым хабарласып, ақыл айтты. Тіпті өнердегі ағаларым да маған ренішін айтып, арақатынасты тоқтатуымды сұрады. Не істерімді білмей кеттім. Қатты жақсы көрем, қимаймын. Солай жүргенде қатты ауырып қалдым. Ота жасайтын болды. Сол кезде бұл кісінің қолдауы ерекше болды. Оны ұмытуға тырыстым. Желіде кім шығады, сол қызбен сөйлестім. Бірақ оның орнын ешкім баса алмады», – деді Ринат Шамшырақ

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: