HALYQLINE.KZ Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеп жатыр, – деп хабарлайды Қазақстан қор биржасы (KASE).
Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 6,35 теңгеге төмендеп, 448,39 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 29 наурыздағы ресми бағамы – 455,00 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 446,87 теңге, сату – 451,06 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 446,57 теңгеден сатып алынып, 449,75 теңгеден сатылып жатыр.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!