Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Арлы сертке адал ақын

21.12.2022, 9:00 439

HALYQLINE.KZ

Кеше Арал аудандық мәдениет үйінде жазушы, ақын, журналист, көрнекті қаламгер Толыбай Абылаевтың 70 жылдық мерейтойы өтті. «Арлы сертке адал ақын» атты мерекелік іс-шараға аудан әкімі Серік Сермағамбетов қатысып, ақынды жаңа жасымен құттықтады. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Толыбай Абылаев – көптеген поэзиялық жинақтардың авторы. Өлеңін өмірмен ұштастырып, шығармаларын сын таразысына салып, оқырман үшін орамды ойлар мен жырлар арнаған қаламгер. Туған жерге деген толғаулардың жыршысына айналып, халық ықыласына бөлене білді. Отты өлеңдері мен тың туындылары ақынды абырой биігіне шығарды.

Ұрпаққа өнеге болған мол мұраларыңыз көбейіп, жазарыңыз таусылмасын. Деніңізге саулық, шығармашылық табыстар тілеймін!»,- деді Серік Сағитжанұлы.

Іс-шара барысында Толыбай Абылаевтың сиясы кеппеген қос кітабының тұсауы кесілді. «Алақанда – Аралым» атты жинақ пен «Кішкентай балықтың ертегісі» атты шығарма оқырманға жол тартты.

Мерекелік кешке арнайы келген ел ағалары мен ақындар мерейтой иесін құттықтап, арнауларын оқыды.

Айта кетейік, Толыбай Абылаев алғашқы еңбек жолын атакәсіп – балықшы болып бастап, кейіннен мәдениет пен журналистика саласына бет бұрған. Облыстық және аудандық бірнеше басылымда ұзақ жылдар жауапты қызметтер атқарған.

Көрнекті қаламгер қаламынан шыққан «Шағала», «Арал көшіп келеді», «Аралдан соққан жел», «Арал Атлантидасы», «Махаббат дәптері», «Қыран шайыр», «Нұртуған шайыр» атты жыр жинақтары кітап сүйер қауымның көзайымына айналды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: