Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мемлекет басшысы: «Азық-түлік бағасын өсірмеу үшін нақты жұмыс жүргізу керек»

12.12.2022, 11:45 316

HALYQLINE.KZ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет мүшелері мен әкімдерге азық-түлік қауіпсіздігі туралы еске салды.

«Келесі – баға белгілеу мәселесі. Бұл мәселе бойынша бірнеше талқылау болды. Азық-түлік бағасын өсірмеу үшін негізгі бағыттар бойынша нақты жұмыс жүргізу керек. Өнімнің өзіндік құнын төмендету, қажетсіз делдалдан арылу туралы біз бірнеше рет айттық. Сауда желілерін қолжетімді етіп, айналымға қаржы салу үшін арзан несие беру тәсілін де қолдануға болады. Бұл бағытта алғашқы қадамдар жасалды. Тауар өндірушіден алдын-ала тікелей сатып алу ережесі қабылданды», – деді Тоқаев үкіметтің кейтілген отырысында.

Президеттің айтуынша, бюджеттен қаржы бөлінеді. Дегенмен көптеген шаруаның көкөніс сақтайтын жері жоқ.

«Сол себепті, олар өнімдерін егіс басынан тікелей сатуға мәжбүр болады. Оның салдары бәрімізге белгілі. Ауыл тұрғындары біраз табысынан қағылады. Азық-түліктің бағасы жыл мезгіліне қарай қатты өзгереді. Күзде су тегін нәрсе көктемде шарықтап шыға келеді. Мұның шешімі біреу ғана – қойма инфрақұрылымын жасау керек. Бірақ бұл бағыттағы жұмыс баяу жүріп жатыр», – деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы, былтыр 83 мың тонна немесе 77 пайыз өнім сақтайтын қойма салу көзделгенін айтты. Алайда жоспар 64 мың тоннаға ғана орындалды.

«Биыл жұмыс біршама жандана түсті. 98 мың тонналық қойма салу жоспарланып, соның 87 мың тоннасы қазірдің өзінде іске қосылды. Дегенмен бұл бағыттағы шаруаны әлі де ширата түсу керек. Қазіргі жағдайда азық-түлік қауіпсіздігі елді өркендетудің басты шарты екенін түсіну қажет. Агроөнеркәсіп кешенін дамыту, әсіресе ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу – Үкімет пен әкімдер үшін басты басымдық болуға тиіс», – деді Президент.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: