Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тыйымнан тыйылса жақсы…

17.04.2020, 2:33 617

HALYQLINE.KZ –| Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Айжан Есмағамбетованың Қазақстанда карантиндік шараларды күшейту туралы қаулысы жарияланды.

Қаулы мәтініне сәйкес, облыстардың әкімдері халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету ұйымдарының қызметкерлерін, медициналық көрсетілімдер бойынша шығатын және кіретін адамдарды, сондай-ақ облыс орталықтарының, қалалардың, аудандардың, ауылдық елді мекендердің аумағынан шығуға және оған кіруге тыйым салуға міндеттеледі.

Сонымен қатар аймақ басшылары апаттық-құтқару, жедел медициналық жәрдем қызметтерінің қолжетімділігін және үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуді ескере отырып, карантиндік аймаққа кіру/шығу пункттерін айқындауы тиіс.

Қала бойынша және аудандар, ауылдық елді мекендер арасында орамдар мен секторларға бөле отырып, блок-бекеттерді орната отырып, карантиндік аймақта жүріп тұруды шектеуі керек. Ішкі істер және Қорғаныс министрліктерінің қызметкерлерін тарта отырып, COVID-19-мен сырқаттанушылық тіркелген ауылды, елді мекендерді қоршау керек деп есептейді.

Қаулы бойынша әуежайдың, теміржол вокзалының, автовокзалдар мен автостанциялардың қызметі тоқтатылып, қалааралық, ауданаралық автобус қатынастарына, сондай-ақ жеке тасымалдауға тыйым салынуы керек.

Екінші деңгейдегі банктер, «Қазпочта» АҚ бөлімшелерінің, айырбастау пункттерінің қызметін онлайн жұмыс режиміне және «клиенттерге дейін жеткізу» қағидаты бойынша көшіру арқылы тоқтата тұруы тиіс. Қаулының толық мәтінін мына сілтемеден https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/documents/details/27280?lang=kk оқуға болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: