Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Алтын күздің берекелі базары

23.10.2022, 13:30 349

Кеше Орталық алаңда Республика күні және Арал қаласының 95 жылдығына арналған «Алтын күз – 2022» ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Күзгі молшылық шарасында ауданға қарасты кент, ауылдық округтер мен табиғат пайдаланушылардан жеткізілген 60 тоннаға жуық өнімдер сатылымға шығарылды.

Атап айтар болсақ, 300 литр шұбат, 120 килограмм құрт-ірімшік, 2,5 тонна ет (қой, сиыр, жылқы, түйе), 12 тонна балық және балық өнімдері, 100 дана ысталған балық, 40 тонна көкөніс пен бау-бақша дақылдары, 1,5 тонна ас тұзы тиімді бағада тұрғындарға ұсынылды. Сондай-ақ, «Қамыстыбас» балық питомнигінен арнайы автокөлікпен әкелінген тірі балыққа халықтың сұранысы жоғары болды. Жәрмеңкеге жиналған көпшілік үшін концерттік бағдарлама ұсынылып,аудан өнерпаздары әсем ән шырқады.

Алтын күздің берекелі базарында ерте көктемнен бастап еңбек еткен диқандар жинаған өнімдерін сөреге шығарса, мал өсірумен айналысатын шаруалар да ет өнімдерімен бірге 25 бас тірі қойды саудалады. Барлық ауылшаруашылығы тауарлары тұрғындарға нарықтағы бағадан 10-15 пайыз төмен ұсынылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: