Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Ауданның ауыл шаруашылығы өндірісінің дамуында оң нәтижелер қалыптасты»

17.10.2022, 15:25 469

HALYQLINE.KZ «Егінді өсіре білу – алғашқы асу ғана. Ысырапсыз жинап алу – мәре» деген Ыбырай Жақаевтың дана сөзі бар. Күз маусымы – дала еңбеккерлерінің мерейі тасып, абыройы асқақтайтын кезең. Осындай берекелі кезеңде ауданымыз аймағымызда «АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІН ДАМЫТУ БОЙЫНША – ҮЗДІК АУДАН» атанып, үлкен жетістікке жетті.

Аудан диқандарының биылғы зор табысы – біріншіден, тынымсыз еңбектің жемісі болса, екіншіден, аграрлық салаға көрсетіліп отырған қолдаулардың нәтижесі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Ауыл шаруашылығын дамыту – негізгі проблеманың бірі. Осы саладағы ахуал мемлекетіміздің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Еліміздің ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін арттыру қажет. Бұл – стратегиялық міндет» екенін атап өтті.

Жолдауға үн қосқан аймағымыз бен ауданымыз бүгінде жоғары нәтижеге қол жеткізді. Облыс әкімі Нәлібаев Нұрлыбек Машбекұлының тапсырмасымен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы көкөніс өсіретін жерлер ашылды. Су тапшылығының алдын алу мақсатында облыстық бюджеттен 19 насос бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылды. Осындай мемлекеттік қолдауларды тиімді пайдаланудың арқасында ауданның ауыл шаруашылығы өндірісінің дамуында оң нәтижелер қалыптасты.

Ауыл шаруашылығы саласында 9 айдың қортындысымен жалпы өнім көлемі 15,0 млрд теңгеге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 14,3 пайызға, оның ішінде егін шаруашылығы өнімі 19,9 пайызға, мал шаруашылығы өнімі 1,6 пайызға артқан. Егілген 20728 гектар күріштің әр гектарынан 64 центнерден өнім алуды дихандарымыз қамтамасыз етті.

Қадірменді ағайын!

Ел байлығын молайтудағы ерекше табыстарыңыз құтты болсын, шаңырақтарыңызға шаттық, құт-береке тілеймін! Халық игілігі үшін жасаған жұмыстарыңыз әрдайым нәтижелі, жемісті болсын! Дала еңбеккерлерінің адал да берекелі еңбегіне ризашылығымызды білдіреміз! Қамбамыз дәнге, қорамыз малға толып, халқымыздың ырыс-құты арта берсін, несібеміз мол болсын!

Құрметпен, Сырдария ауданының әкімі М.Ергешбаев

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: