HALYQLINE.KZ «Шиелі ауданында көгілдір отынның игілігін көріп, күл шығарудың машақатынан құтылған ауылдар қатары күн өткен сайын еселеніп келеді. Бүгінде Шиелі кенті мен Ыбырай Жақаев, Бидайкөл, Байсын, Н.Бекежанов, Ақмая, Алғабас және Ш.Қодаманов ауылдары, яғни аудан халқының 68 пайызы көгілдір отынын пайдалануда» деп хабарлайды Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Биылғы жылдың ІІ жартыжылдығында Тартоғай елді мекенінде АГТС орнату жобалары жүзеге асырылуда. Жоба аяқталғаннан кейін Еңбекші, Жиделіарық, Бестам, Ақтоған, Телікөл, Майлытоғай, Тартоғай ауылдық округтерін газдандыру жұмыстары басталмақ. Осы арқылы алдағы жылдары аудан халқының 85 пайызы табиғи газбен қамтылады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!