Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ғалымдар «Оpen talk-та» Жолдаудан туындайтын міндеттерді талқылады

09.09.2022, 16:15 384

HALYQLINE.KZ Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Оpen talk» форматында дөңгелек үстел өтті. Іс-шарада ғалымдар мен оқытушылар мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауынан туындайтын міндеттерді кеңінен талқылады.

Университеттің Басқарма мүшесі – ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Майнұр Бөрібаева Жолдау мемлекетіміздің дамуына серпін беретін жаңа тарихи құжат екендігін атап өтті.

Ал, Философия және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессоры, философия ғылымдарының докторы Баймырза Қожамберлиев қазір  қоғамда үлкен өзгерістер барын атап өтті.

Кеңес үкіметі кезінде халқымыз тілінен, салт-дәстүрінен, ұлттық құндылықтарынан мүлде қол үзіп қала жаздады. Тәуелсіздік жылдары келгеннен кейін көп дүние орнына келді. Осы жылдан бастап «Жаңа Қазақстанды» құру идеясын айтудамыз. Бұл ретте ең бастысы жаңа Қазақстанды қалыптастыратын өзіміз екенін ескеруіміз керек.

Жолдауда Президент  «Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызын балалардың арнаулы жинақтаушы есепшотына аударуды ұсынамын. Қаржы әр бала 18 жасқа толғанға дейін аударылып тұрады, оны мерзімінен бұрын есепшоттан шығарып алуға болмайды. Жинақталған қаржы балалар кәмелет жасына толғаннан кейін олардың баспана немесе білім алуына жұмсалатын болады» деді.

 Бұл – біздің көптен ойымызда жүрген мәселе болатын. Мұндайды тек шикізатқа бай елдер ғана жасай алады. Халық арасында шетелге қызығып, «бізде неге осындай жағдай жасалмайды?» деген сұрақ туындайтын. Жолдауда бұл мәселеге нақты жауап берілді, – деді Баймырза Қожамберліұлы. 

Жиында Экономика және құқық институтының директоры, экономика ғылымдарының кандидаты Нұрлан Құлмырзаев цифрлық экономика туралы сөз қозғады.

«Жолдауда цифрландыруға қатысты блокчейн, жасанды интеллект, big data деген сөздер болмады. Алайда, әрбір мәселенің шешімінде осы технологиялар тұрды», – деді Нұрлан Серікұлы.

Спикер осы ұғымдарға анықтама беріп, Жолдауда айтылған мәселелерді шешу, саланы цифрландыру барысында блокчейн, жасанды интеллект, big datа технологияларын қалай қолдану керектігін түсіндірді.

Шара соңында қатысушылар пікір алмасып, өз ойларын білдірді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: