Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Барлығымыз бірігіп еліміздің дамуына атсалысуымыз керек

06.09.2022, 10:30 332

HALYQLINE.KZ Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы саяси-әлеуметтік маңызға ие деп есептеймін. Себебі Мемлекет басшысы өз сөзінде айтқандай, жақында өткен референдумнан кейін өткізілген саяси жаңғыру экономикалық жаңғыруға ұласу керек деді. Бұл ретте жаңа кезеңнің басты мақсаты – халықтың әл-ауқатын арттыру, ұлттық байлықты халықтың арасында теңдей бөлу және баршаға бірдей жағдай жасау басты назарда.

Сонымен қатар, кәсіпкерлікті қолдау және бәсекелестікті дамытуға баса ден қою керектігін айтты. Осыған сәйкес, жастардың жаңа кәсіп ашуына жағдай жасау үшін төмендетілген пайызбен несие беруге арнайы тапсырма берді. Біз жер қойнауы бай мемлекеттердің бірі болғандықтан елімізге инвестиция тарту мәселесі өзекті. Жасыратыны жоқ, елімізде мұнай өндіру деңгейі азайып барады. Сондықтан мұнай қорын сақтаудың амалын қарастыруымыз керек. Соңғы кездері елдің арасында бағаға байланысты мәселелер де көп қозғалып жүр. Бұл ретте баға тұрақтылығын сақтау тікелей Үкіметтің шешіміне қатысты. Мемлекет басшысы құрылыс саласына да үлкен мән берді. Өйткені елімізде өндірілетін жалпы ішкі өнімнің көп бөлігі құрылыс саласына тиесілі екені белгілі. Бүгінде құрылыс саласын реттейтін екі жарымнан астам ереже бар екен. Мұнын барлығын біріктіріп аталған сала бойынша жаңа кодекс дайындау туралы Үкіметке тапсырма берді. Мінеки, Мемлекет басшысы әр саланы жіліктей отырып, кемшін тұстарын жасырмай ашық айтты. Ендігі кезекте барлығымыз бірігіп еліміздің дамуына атсалысумыз керек.

Бекмырза ЕЛАМАНОВ,

ҚР Сенаторлар кеңесінің мүшесі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: