Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Төсек қатынасы туралы сұрақ-жауап

21.08.2022, 9:00 3235

HALYQLINE.KZ

СҰРАҚ: Еркек төсек қатынасына белсенділігін арттыру үшін жыныстық қабілетті арттыратын дәрі-дәрмектерді қолданса бола ма?

ЖАУАП: Егер еркек өзінің табиғи күшімен әйелін төсекте қанағаттандыра алмай жатса, онда ол залалсыз, мейлінше табиғи жолмен алынған жыныстық қабілетті арттыратын дәрі-дәрмектерді қолданса болады. Және бұл дәрі-дәрмектерді дәрігердің кеңесімен қолдану тиіс. Дегенмен, жоғарыда айтып өткеніміздей, мұндай жағдайда еркек ас мәзірі ретінде ет, жұмыртқа, жаңғақ, әсел сияқты ақуызға бай, құнарлы тағам түрлерін пайдаланғаны дұрыс. Жыныстық қабілетті арттыратын дәрі-дәрмектерге қатысты тағы бір айта кетер нәрсе: кейбіреулер төсек қатынасында белсенділікті арттырады деп героин, кокаин, апиын сияқты есірткі заттарын қолданып жатады. Бұл есірткі түрлерінен сақ болыңыздар! Олар жыныстық қабілетті жоймаса, арттырмайды. Ал шариғат бойынша оларды пайдалану харам, есірткіге бойұрған адам күнәһар болып табылады.

СҰРАҚ: Әйелдердің төсек қатынасына салқындығы не себептен бой көрсетеді?

ЖАУАП: Әйелдердің жыныстық ауаны еркектер сияқты қалыпты емес, ауыспалы түрде болады. Олардың психологиясына етеккір мерзімі, жүктілік, бала туу, босанғаннан кейін келетін шарана қаны, бала емізу, түсік тастау сияқты жағдайлар қатты әсер етеді. Сондықтан да әйелдер денсаулығына қатысты түрлі кезеңдерге байланысты төсек қатынасына бірде құштарлығы артса, бірде төмендеп, кей кездерде мүлдем қызығушылығы жоғалатын күйде болады. Бұл нәрсеге олардың күйеулерінің түсінушілікпен қарауы қажет.

СҰРАҚ: Ерлі-зайыптылардың жыныстық қатынасына тыйым салатын етеккір дегеніміз не?

ЖАУАП: Етеккір – дені сау әйелден ай шамасы аралап жатырдан келіп тұратын қан. Ол бала тууға жарамды барлық әйелге тән құбылыс. Оның ең қысқа мерзімі үш күн, үш түн, ал ең ұзағы – он күн. Кең қалыптасқан уақыт 3-5 немесе 3-7 күн аралығы. Кейде етек қаны уақытша тоқтап, бөлінбей қалуы немесе үзіліп-үзіліп арагідік бөлінуі де ықтимал. Егер қалыпты етеккір мерзімі аяқталмаса, бұл уақыт аралығы хайыз үкіміне кіреді. Он күннен асқан қан келуі етеккірге жатпайды, ол жай қанның үкіміне кіреді. Етеккір жағдайындағы әйел намаз оқу, ораза тұту, мешітке бару сияқты бірқатар ғибадаттарын тоқтатады. Солардың қатарында оның күйеуімен жыныстық қатынасқа түсуіне де рұқсат етілмейді. Өйткені, ғұламалардың бірауызды пікірлері бойынша етеккір мерзімінде ерлі-зайыптылардың жыныстық қатынас жасаулары харам және мұндай әрекет, екі тараптық келісіммен болған жағдайда екеуін де бірдей күнәға батырады. Алла Тағала айтады: «Сенен етеккір жайлы сұрайды. Оларға: «Ол жиренішті нәрсе, етеккір уақытында әйелдерден аулақ болыңдар. Оларға тазарғанға дейін жақындаспаңдар» де. Расында Алла тәубе қылушыларды ұнатады әрі таза болушыларды ұнатады». («Бақара», 222)

СҰРАҚ: Еркек әйелінің артқы ішегінен жыныстық қатынас жасап қойса, оған әйелі харам болып қалмай ма?

ЖАУАП: Мұндай әрекетке барған еркек пен оған ыңғай берген әйел күнәһар болып табылады. Бірақ, бұл нәрсе олардың жұбайлық қатынастарын бұзбайды. Олар күнәлары үшін тәубе қылып, мұндай нәрсені қайталамаулары керек.

СҰРАҚ: Шариғатта анонизмге немесе мастурбацияға рұқсат беріле ме?

ЖАУАП: Алдымен, оқырманға бұл нәрселердің не екенін түсіндіре кетейік. Еркектің әйелдің қатысуынсыз өз бетінше, саналы түрде, яғни ұйқы кезеңінен яки шақуатына ие бола алмай қалу жағдайынан тыс, қолының көмегімен, болмаса басқа да тәсілдер арқылы спермасын бөлуі ғылыми тілде анонизм деп аталады. Дәл сондай мастурбация да әйелдің жоғарыдағыдай тәсілдермен қанағат алуы. Бұл нәрселер әдетке айналса, психологиялық ауруға жатады. Енді оның үкіміне келсек, мұндай әдет ғұламалардың бірауызды пікірі бойынша харам болып табылады. Кейбір ғұламалар «Екі зарардың жеңілірегін таңдау» қағидасына сүйене отырып зина жасау қаупі туғанда бір реттік мұндай әрекетке баруға болады деген пікір білдірген. Бірақ, бір рет мұндай әрекетке барған адам оны қайталай бергісі келеді. Сөйтіп, ол әдетке, ақырында ауруға айналып, ұрықсыздыққа, белсіздікке, әйел затына қызықпаушылыққа, жыныс мүшесінен қан кетуге апарып соқтыруы мүмкін.

«Жатын  бөлме  кітапшасынан»  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: