Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазалыда кәсіпкерлерге қолдау артқан

04.08.2022, 15:00 438

Аймақтағы белсенді аудандар қатарында индустриясы мен тұрғындарының тұрмысы тұрақталған, халқы бәсекеге қабілетті Қазалы ауданы да бар. Бүгінде «Қазалы» тәттілерін өндірумен айналысатын ауданның қуаты қарыштап өсуде. Оған алға қойылған міндеттер мен бастамалардың уақытында әрі тұрақты түрде іске асып жатқаны сеп болып отыр. Сонымен қатар, Қазылыда 1,5 млрд теңгеге 125 жоба қаржыландырылған. Қазіргі уақытта 392 млн теңгені құрайтын 36 жобаны қаржыландыру үшін микроқаржы ұйымдарының қарауына ұсынылды. Одан бөлек, 363 млн теңгені құрайтын 33 жобаның тізімі жасақталып отыр. Бұл туралы Қазалы ауданы әкімі Мұхтар Оразбаев өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында мәлімдеді.

Биыл облыс әкімінің жанындағы Кеңес қарауына 27 жоба ұсынылып, барлығы 16 жоба мақұлданды. Сонымен қатар, 2023 жылы жалпы құны 12 млрд 100 млн теңгені құрайтын жобаларды «Нұрлы жер», «Нұрлы жол», «Өңірлерді дамыту» бағдарламалары және «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында республикалық бюджеттен қаржыландыру үшін тиісті салалық басқармаларға бюджеттік өтінім тапсырылды. Одан өзге 14 жобаның жоба-сметалық құжаттары әзірленуде, – деді Мұхтар Әуесұлы.

Аудан бойынша 6 инженерлік коммуникациялық инфрақұрылым, 2 газбен қамту жобасы, 1 тұрғын үйді қайта жаңғырту, 4 жолды жөндеу және 1 кәріз жүйесімен қамту жобалары іске асырылады. Демеушілер есебінен 5 балалар ойын алаңы салынатын болады.

Жалпы, ауданның коммуналдық меншігінде 406,2 шақырым аудандық маңыздағы автомобиль жолы бар. Оның ішінде 232,5 шақырым асфальтты, 102,7 шақырым қиыршық тасты және 71 шақырымы – топырақты жол. 2022 жылы аудандық маңыздағы автомобиль жолдарын жөндеуге бюджеттен 1,6 млрд теңге бөлініп, 7 жоба қолға алынды. Қазіргі таңда 60 шақырымға жол құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде екен. Одан бөлек, облыстық бюджеттен бөлінген 35,1 млн теңгеге Әйтеке би кентіндегі 7 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілу үстінде. 2023 жылы құны 1,6 млрд теңге болатын жөндеуге тиісті 52 көшенің жоба-сметалық құжаттары дайындалып, қаржыландыру үшін бюджеттік өтінімдер тапсырылған. 2022 жылы аудан аумағында 17 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр. Оның 7 жобасы өткен жылдан өтпелі болса, 10-ы – жаңадан басталған құрылыс нысаны. Бұл жобаларға 2022 жылы 2,1 млрд теңге қаржы қаралған. Есепті кезеңге түсімдер жоспары 102,9 пайызға, ал ішкі кірістер 133,4 пайызға орындалған.

2022 жылдың 1 шілдесіне тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 5299 бірлікті құрайды. Оның ішінде, 5064-і немесе 95,6 пайызы нақты жұмыс істеп тұр. Жыл басынан 711 кәсіпкерлік субъектісі ашылды, – деді Қазалы ауданының әкімі.

Ауыл шаруашылығы саласында да айтарлықтай өсім бар. Биыл ауданда 17402 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Оның ішінде, негізгі дақыл күріш 6361 гектарды құрайды. Сырдария өзенінде қалыптасқан су тапшылығына байланысты биік жерлерде орналасқан күріш егісінің көлемін қысқартып, әртараптандыру бағытындағы дақылдардың егіс көлемін ұлғайтуға ерекше мән берілді. Нәтижесінде жаздық бидай 14 гектарға, арпа 48 гектарға, мақсары дақылы 148 гектарға, картоп 30 гектарға, бақша 14 гектарға, көкөніс 70 гектарға, жоңышқа 53 гектарға артық орындалды. Аймақ басшысы азық-түлік бағасын тұрақтандыру мәселесіне назар аударып, әр ауылдың мүмкіндігіне қарай көкөніс және бақша өнімдерін өндіру үшін бос жатқан жерлерді игеруді ынталы азаматтарға бөліп беру қажеттігін айтқан болатын.

Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі де күн тәртібінен түскен емес. Бүгінгі таңда аудан елді мекендерінің 93,5 пайызы ауыз су жүйесімен қамтамасыз етілген. 2025 жылға дейін таза ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарына сәйкес, аудан орталығынан шалғай орналасқан Шәкен, Шилі және Сарбұлақ ауылдары орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтамасыз етіледі.

Аудандағы ахуал осындай. Сонымен бірге биыл халықаралық Жастар күні қарсаңында 35 жасқа дейінгі кәсіби жетістігі бар жастарға Ғани Мұратбаев атындағы сыйлық табыс етілмекші. Және ол республика көлемінде аталып өтетін болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: