Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада мешіттің садақа жәшігін ұрлағандар ұсталды

02.03.2022, 17:30 528

HALYQLINE.KZ Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Жедел басқару орталығының бейне бақылау камералары арқылы 1 наурыз күні түнгі уақыт 02:30 шамасында орын алған ұрлықтың ізі суымай ашылды. Белгісіз тұлғалар қала аумағында орналасқан мешіттердің бірінде аулада тұрған садақа жәшігін бұзып, ішіндегі ақшаларын ұрлап кеткен.

Бейнебақылау камераның көмегімен екі облыс тұрғыны ұсталды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-бөлігі (Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.  Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: