HALYQLINE.KZ Бүгін облыс әкімі, «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесіне орай партиялық наградаларды салтанатты табыстау шарасы өтті.
Мерекелік шарада аймақ басшысы мерейтойлық құттықтауын жеткізіп, бірқатар азаматтарды марапаттады.
– Баршаңызды Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтаймын! Ел мен Елбасы егіз ұғым десек, Тәуелсіз Қазақстанның іргетасының қаланып, шекарасының шегенделіп, бүгінгідей беделді әрі қуатты мемлекет болуында Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегі ерекше.
Қазіргі таңда халқымыздың қолдауымен және «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттары жиынтығында айтылғандай саясаттағы сабақтастығымыздың арқасында Елбасы салған сара жолды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы жалғастыруда.
Елбасының бастамасымен құрылған «Nur Otan» партиясының да ел дамуымен қатар келе жатқан 20 жылдан астам уақытта Тәуелсіз Қазақстанның саяси және әлеуметтік – экономикалық өркендеуін қамтамасыз етудегі ролі жоғары, – деді Гүлшара Әбдіқалықова.
Жиында партия бастамаларына қолдау білдіріп, белсенділік танытқан 15 партия мүшесі «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Атап айтқанда, Жаңақорған ауданының тұрғындары, партия ардагері Изадила Нарзилдаев, Байқоңыр қаласының тұрғыны, партия ардагері Райхан Байшораева, 4 дүркін әлем чемпионы, «Мұз айдыны» директоры Ильин Илья, ақын, 3 мәрте «Алтын домбыраның» иегері, облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығының басшысы Мұхтар Ниязов және т.б. азаматтар бар.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!