HALYQLINE.KZ Халықаралық қарттар күніне орай Қызылорда облыстық ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/1 мекемесінің ұжымы ардагерге сый-құрмет көрсетті.
1990 жылы желтоқсан айының он төртінші жұлдызында Бас Ассамблея 1 қазанды «Халықаралық қарттар күні» деп жариялаған болатын. Бұл күн – аға ұрпақтың қоғам өміріне қосқан үлесіне шынайы ризашылық білдіретін және қамқорлық көрсететін ерекше мейірімге толы күн.
Жыл сайын осы күнге орай, мекеменің кадр саясат тобының ұйымдастыруымен, кезінде ҚАЖ саласына еңбегі сіңген ардагер қарттарға ерекше назар аударып, ескерусіз қалдырмайды.
– Біз – тәуелсіздік пен береке-бірліктің несібесі бұйырған, тарихы терең, тағылымы мол халықтың ұрпағымыз. Бүгінгі бақытымыз аға буынның жемісті еңбегінің нәтежиесі. Біз Қылмыстық атқару саласында қажырлы еңбек етіп, қоғам қауіпсіздігін сақтау жолында тер төккен ардагер мамандарымызды әрдайым құрмет тұтамыз. Олардың өмірлік тәжірибесі мен тәлім-тәрбиесі бүгінгі жеке құрамға үлгі-өнеге. Сондықтан да, тарлан ағаларымыздың бойынан күш-қуаты тайған шағында қамкөңіл жандардың көңілін аулап, құрмет көрсетуді парызымыз деп есептейміз.
Бүгін Халықаралық қарттар күніне орай Ішкі істер саласында 31 жыл қызмет атқарған, соның ішінде 1991-1992 жж аралығында мекеме бастығы болған, отставкадакғы әділет полковнигі Болат Бейсенбин ағамызбен сұхбаттасып, арнайы әкелген сый-сыяпаттарымызды тарту еттік. – дейді, мекеме басшылығының құттықтауын жеткізген әділет аға лейтенанты М.Тұрымбетов.
Ия , Елбасы «Жалпақ жұртыңды құрметтеу, туған өлкенің тарихын танудан, адамдарын ардақтаудан басталады» деген болатын. Осы тұрғыдан алғанда тергеу изоляторы қызметкерлерінің қарт ардагерлеріне көрсеткен құрметі, «Үлкенге – құрмет, кішіден – ізет» деген аталы сөзді ұрпағының бойына сіңіріп өскен, қариясын қадірлеп, ардагерін ардақтаған текті тәуелсіз елдің ұрпақтарынан екенінің нақты көрінісі емес пе?
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!