Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазалыда 700-ге жуық жоба қаржыландырылды

29.09.2021, 15:10 416

HALYQLINE.KZ Бұл туралы Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы Қазалы аудандық филиалының директоры Қадырхан Еңсепов Өңірлік кеңес мүшелерінің алдында берген есебінде айтты.

Шараға Өңірлік кеңес төрайымы Гүлзағира Абдраимова, Палата директоры Ғалымбек Жақсылықов және кеңес мүшелері қатысты.

Филиал директорының айтуынша, ауданда 5576 кәсіпкерлік субъектісі тіркелген, соның ішінде 5277-сі нақты жұмыс істеуде. Салада жұмыс істейтін азаматтар саны – 8984. Осы жылдың 1 қыркүйектегі ақпарат бойынша кәсіпкерлік субъектілерінен түскен салық көлемі – 15,1 млн теңге.

8 айда Палатаның аудандық филиал кеңесшілерімен 1917 қызмет көрсетілген. Атап айтқанда, 517 бизнес жоспар әзірленіп, 146 жоба сүйемелденген, 273 сервистік қызмет, 981 ақпараттық қолдау көрсетілген.

Биыл 406 қазалылық «Бастау Бизнес» жобасы аясында білімін жетілдіріп, сертификаттарға ие болған.

«Қазалы ауданында осы жылдың 8 айының өзінде жалпы құны 2707,1 млн теңгені құрайтын 695 жоба түрлі қаржы көзі арқылы қаржыландырылды. Аталмыш жобаларды жергілікті әкімдік арқылы бірге сүйемелдедік. Жыл басынан бері 5 кәсіпкерлің құқығын қорғап, 8 кәсіпкердің мәселесін келіссөздер арқылы шештік», – деді шарада филиал директоры Қадырхан Еңсепов.

Филиал директоры атқарылған жұмыстармен қоса, аудан кәсіпкерлерінің өтініштерін де атап өтті. Олар – биылғы қуаңшылыққа байланысты жем-шөп бағасы дотациялау, сонымен бірге несие пайызының субсидиялануына қолдау көрсету.

Отырыста Өңірлік кеңес мүшелері ұсыныстар негізінде алдағы уақытта Палатамен бірге қажетті жұмыстарды атқаратындығын жеткізді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: