Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жолдаудың бесінші бастамасы – тұрғын үй мәселесі

08.09.2021, 16:20 375

Арнұр НҰРМАҒАНБЕТОВ,

облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары:

– Биылғы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының бесінші бастамасы тұрғын үй мәселесіне қатысты болып отыр. Мемлекет басшысы «Тұрғын үй азаматтарымыз үшін – қашанда басты мәселе» екендігін және қазіргі таңда нарықтық ипотека ставкасы әлі де жоғары және жұрттың бәріне бірдей қолжетімді емес екендігін атап өтті. Осыған орай, бірыңғай тұрғын үй бағдарламасын әзірлеуді тапсырып, Тұрғын үй саласындағы толыққанды даму институтын құруды «Отбасы банкі» оның әкімшісі болып белгілеуді тапсырды. Өздеріңізге белгілі осы мәселелерді шешу үшін «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ негізінде «Отбасы банкі» құрылды.

«Отбасы банкі» тұрғын үйге мұқтаждардың барлығын орталықтандырылған негізде есепке алуды, сондай-ақ тұрғын үйдің «қолжетімділік сатысына» сәйкес тұрғын үйді бөлуді «бір терезе қағидаты» бойынша жүзеге асыратын болады. Яғни, «Отбасы банкінің» базасы жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқорларымен интеграцияланатын болады. Азаматтарға бір орталықтан қызмет көрсетілетін болады.

Сонымен бірге, Жолдауда азаматтардың зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдалану туралы бастаманың оң әсері және бұл қадам адамдардың жұмыс берушілерден еңбекақыны ашық төлеуді талап етуіне жол ашылатыны атап өтілді.

Осы үрдісті қолдау үшін зейнетақы жинағының жеткілікті мөлшерінің шегінен асатын бөлігін тұрғын-үй сатып алу мақсатында «Отбасы банкіндегі» есепшотқа аударуға рұқсат берілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: