Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қайырымдылық – қайырлы іс

24.08.2021, 10:00 782

HALYQLINE.KZ Өңірде мұқтаж адамдарға қолдау көрсету мақсатында 8 мыңнан аса көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға 124,1 млн теңге көлемінде көмек көрсетілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Мейрамбек Әбдукаримов мәлімдеді.

«2019-2021 жылдарға арналған көмекке мұқтаж жандарға әлеуметтік жол картасы қабылданған болатын. Аталған жобада табысы төмен азаматтардың баспана мәселесін шешу және денсаулық сақтау салаларын жақсарту мен білім беру сапасын арттыру сынды ауқымды шаралар орындалуда. «Көмекке мұқтаж және көпбалалы отбасыларды қолдауға арналған қайырымдылық шаралар өткізу – Жол картасының маңызды бөліктерінің бірі. Қайырымдылық акцияларына облыс, қала, аудан әкімдері, сондай-ақ облыстық «НұрОтан» партиясы, облыстық мәслихат депуттары, кәсіпорындар мен ұйымдар қатысуда. Бұл қайырымдылық шаралары әрі қарай өз жалғасын табады», – деді М.Әбдукаримов

Сонымен қатар, «Ел Арай» қоғамдық қорының төрағасы Әлімжан Қосымов жаңа оқу жылы барысында ұйымның атқарып жатқан жұмыстарына тоқталып өтті. «Ел Арай» қоғамдық қорының жаңа оқу жылы қарсаныңда әлеуметтік тұрмысы төмен, арнайы атаулы әлеуметтік көмек алатын және аз қамтылған 200 балаға оқу құралдарымен қамтамасыз етілетін болады. Сондай-ақ, 150 балаға оқу құралдарынан бөлек киім-кешек беріледі. Қаладағы Тұрар Рысқұлов атындағы №222 мектеп, №173 орта мектеп, №3 мектеп-лицейі, №278 ІТ мектеп-лицейі және №257 орта мектептерінен 20 балаға көмегімізді көрсетпекшіміз», – деді.

Қайырымдылық акциясы аясында ҚМДБ Зекет және Қайырымдылық қоры облыстағы мыңға жуық әлеуметтік тұрмысы төмен отбасыға көмек көрсетті. Шара барысында көмекке мұқтаж жанұянының балалары керекті құралдармен қамтылған.»Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Зекет және Қайырымдылық қоры облыс көлемінде мыңға жуық баланы мектеп сөмкелерімен және киім кешекпен жәрдем беруде. Биылғы жылы біз «Бақытты отбасы» мекемесімен бірлесіп көптеген шаралар атқарып жатырмыз,- деді ҚМДБ Зекет және Қайырымдылық қорының облыс бойынша өкілі Оңталап Жидебаев.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: