Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазалылық әжей 200 мыңыншы болып екпе ектірді

19.07.2021, 9:45 413

HALYQLINE.KZ Қазалы ауданында облыс бойынша 200 000-шы тұрғын коронавирус індетіне қарсы вакцина алды. Ол – 73 жастағы Әйтеке би кентінің тұрғыны Ұрқия Тайпақ.

Вакцинаны ардагер ұстаз өзі тіркеуде тұрған Қазалы ауданаралық ауруханасына қарасты «Болат жолы» емханасында алды. Дәрігерлер оның қан қысымын өлшеп, қажетті процедуралардың барлығын жасады. Содан кейін барып өзінің келісімімен екпені екті.

– Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеген жөн. Үйіңнен сыртқа шығуға қорқып отырғанша, вакцина қабылдап, еркін жүргінге не жетсін. Сондықтан барлық аудан тұрғындарын вакцина салдыруға шақырамын, – дейді Ұрқия әжей.

Ардагер ұстазға Қазалы ауданаралық ауруханасының бас дәрігері Бақыткүл Әлішева халық үшін маңызды шараға бей-жай қарамағаны үшін түрлі-түсті теледидарды сыйға тартты.

Аудан әкімінің орынбасары Жалғас Сүйеубаев ардагер ұстаз Ұрқия Тайпақова алғысын айтып, ауданымыздағы әрбір тұрғын жұқпалы індетке қарсы вакцина алу қажеттігін жеткізді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: