HALYQLINE.KZ Өткен жылы пандемияға байланысты кәсіпкерлердің бизнесі тоқтап, біраз адам жұмыссыз қалған болатын. Осыған орай, биыл республика бойынша «Ashyq» мобильді қосымшасы іске қосылды. Жоба күн өткен сайын қажеттілігін көрсетуде.
– Облыс бойынша «Ashyq» мобильді қосымшасына қосылатын 510 нысан анықталды. Бүгінде 94-і іске қосылған. Оның 84-і – Қызылорда қаласында, 3-еуі – Шиелі ауданында, 2-еуі – Қазалы ауданында, 1-еуі – Арал ауданында, 1-еуі Қармақшы ауданында және 3-еуі Жалағаш ауданында, – деді Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Пірмұхаммед Сыздықов.
Соңғы аптада «Ashyq» қосымшасында екі рет ақау шықты. Оның басты себебі – вакцина салдырғандар тізімінің қайта толықтырылуы. Сондықтан, бағдарламаның кедергісіз жұмыс істеуі үшін «kaspi bank», «Halyk bank» және «egov» қосымшаларының ішіне қосу жұмыстары жүргізілуде.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!