Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жол жөнделіп, көпір салынады

20.05.2021, 17:50 613

HALYQLINE.KZ

Ағымдағы жылы республикалық және облыстық бюджеттен 17,3 млрд теңге бөлініп, ұзындығы 397 шақырымды құрайтын автомобиль жолдары мен көпір өткелдері және көшелерді жөндеуден өткізу жоспарланып отыр. Оған республикалық бюджеттен төрт мемлекеттік бағдарлама қамтылады. Атап айтқанда, «Нұрлы жол», «Өңірлерді дамыту», «Ауыл ел бесігі» және «Кіші қалаларды дамыту» бағдарламалары. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Әбсұлтанов мәлімдеді.

 – 2021 жылы облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың индикаторлық көрсеткішінің үлесін 75%-ға жеткізу жоспарланған. Жалпы биыл облыстық және аудандық маңызы бар 36 автокөлік жолдары пайдалануға берілетін болады. Оның 3-еуі – көпір өткелі. Сонымен қатар 50/50 паритеті негізінде республикалық, облыстық бюджет қаржысы негізінде бірқатар жобалардың құрылыстары жүргізілуде. Басқармамен өткен жылы арнайы сарапшылармен көпірлердің техникалық жағдайына мониторинг жүргізілді.  Нәтижесінде облыстық маңызы бар Жаңақорған және Шиелі аудандарында 5 дана көпірдің апаттық жағдайда екендігі анықталды. Осыған орай, облыстық бюджеттен  қаражат бөлініп, қазіргі кезде 5 көпірдің жоба-сметалық құжаттары мемсараптамадан өтуде, – деді Қ.Байғабылұлы.

Сондай-ақ, аталмыш басқарма өкілі алдағы жоспарларын да жеткізді. Айтуынша, Қазалы ауданындағы Қарлан учаскесінде Сырдария өзеніне көпір салуға жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, мамыр айында мемсараптаманың қорытындысын алады. Құрылыс жұмыстары биыл басталады. Ал Арал ауданының Хан учаскесінде Сырдария өзеніне орнатылған қалқымалы көпір өткеліне 330 млн теңгеге күрделі жөндеу жүргізу жоспарда бар. Белкөл және Жалағаш кентінде теміржол үстінен өтетін жаяу жүргіншілерге арналған өткел салу жобалары әзірленген. Бүгінде республикалық бюджеттен қаржыландыруға тиісті жұмыстар атқарылуда. Сонымен қатар ағымдағы жылы «Қызылорда-Жалағаш» тасжолының 91 шақырымындағы жолдың жөндеу жұмыстары басталады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: