HALYQLINE.KZ Бүгінгі күні «Whatsapp» әлеуметтік желісі арқылы тұрғындар арасында «Сырдария ауданында блок-бекет қойылды» деген ақпараттар тарауда.
Баса айту керек, Сырдария ауданы 2021 жылдың 14 сәуірінен бастап «Қызыл» аймаққа енді. Осыған орай, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қ.Омарованың №1 Қаулысы шықты. Қаулыда бірқатар шектеу шаралары енгізілді.
Дегенмен, Сырдария ауданында блок-бекеттер қойылған жоқ. Ал, түрлі желілер арқылы тараған фотосуретте «Терең-өзек кен орны» деп көрсетілген. Алайда бұл Каспий маңы ойысының оңтүстік-шығыс ернеуі маңындағы Тереңөзек мұнай кен орнына қатысты. Сондықтан «Сырдария ауданында блок-бекет қойылды» деген ақпарат негізсіз.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!