Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Балық шаруашылығын дамытуға басымдық беріледі

16.03.2021, 8:45 389

HALYQLINE.KZ Аймақта балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы әзірленді. Бағдарлама шеңберінде 2030 жылға дейін балық экспортын 2 есеге, тауарлы балық өндіру көлемін 111 есеге арттыру көзделуде. Нәтижесінде 500-ден астам жаңа жұмыс орны құралатын болады.

– Облыста 16 шарбақтық балық өсіру шаруашылығы, тауарлы балық өсіретін 12 тоған құрылып, 3 тұйық жүйелі сумен қамтамасыз ету құрылғысы іске қосылатын болса, көл-тауарлы су айдындарының саны 55-ке жеткізіледі. Өңірлік бағдарламаны іске асыру үшін жалпы көлемі 28,9 млрд теңге қаржы есептелді. Осыған орай, балық шаруашылығын қолдау мақсатында, «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясына облыстық бюджеттен 1 млрд теңге қаржы бөлу қарастырылды. Балық шаруашылығын дамыту бағдарламасы әлеуметтік-экономикалық жағдайын және балық шаруашылығын одан әрі дамытуға оң әсерін тигізетін болады, – деді облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов.

Айта кетейік, облыс аумағында Сырдария өзені, Кіші Арал теңізі және 207 көл бар. Оның ішінде, 95-і тауарлы балық өсіру шаруашылығына бағытталған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: