Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

46466 адамға әлеуметтік төлем төленген

26.02.2021, 9:30 619

HALYQLINE.KZ Өткен жылы облыста «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» арқылы 46466 адамға әлеуметтік төлем төленді. Мұндай төлемді жұмыс беруші мекеме қорға жарна аударған жағдайда ғана қызметкерлері ала алады.

Қор 5 категория бойынша әлеуметтік төлем жасайды. Мәселен, өткен жылы еңбекке қабілеттілігінен айырылғандарға 604,0 млн теңге, асыраушысынан айырылғандарға 614,6 млн теңге, жұмысынан айырылғандарға 485,2 млн теңге, жүктілікке және босануға 3 628,6 млн теңге, ал 1 жасқа дейінгі бала күтіміне 4 443,0 млн теңге берген.

– Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі – жұмыс істейтін азаматтарды әлеуметтік қорғаудың қосымша деңгейі. Жұмыс беруші мекеме міндетті түрде ай сайын қорға аударым жасауы шарт. Жұмысшылары оқыс оқиғаға тап болса, жұмыссыз қалса оларға қор әлеуметтік төлем жасайды. Ал өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар біржолғы жинақтық төлем жасайды, – деді «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ облыстық филиалының директоры Гүлсім Денеева.

Еңбекке қабілеттілігінен айырылуы бойынша төлем – еңбекке қабылеттілігін жоғалту белгіленген мерзімге беріледі. Еңбекке қабілеттілігін қалпына келтіргенше, ал ұзақ мерзімге белгіленсе жалпыға бірдей белгіленген зейнет жасына дейін созылуы мүмкін. Ал асыраушысынан айырылса, баласы кәмелеттік жасқа толғанша не олар оқу орнын бітіргенге дейін төленеді. Бірақ 23 жастан аспауы қажет. Айта кетейік, жыл басынан бастап әлеуметтік төлем көлемі 5 пайызға өсті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: