Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Автожол сапасына кезекті мониторинг жұмыстары жүргізілді

17.02.2021, 18:30 593

HALYQLINE.KZ 2021 жылғы 16 ақпан күні «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобасы аясында департаменттің ұйымдастыруымен, «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының қызметкерлері, қоғам өкілдерімен бірлесіп Қызылорда қаласында 2020-2021 жылы салынған Ж.Құлахметов, Қарақұм, және Ж.Әбдіқалықов атындағы көшелерге мониторинг жұмыстары жүргізілді.

«Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобалық кеңсенің негізгі тұжырымдамасы автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту және жөндеу кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасын сараптау кезеңінде азаматтық қоғаммен тығыз өзара байланыста ашық бақылауды қамтамасыз етуге бағытталған.

Аталған жоба аясында 2020 жылы 21 рет мониторингке шықты, 60 ақау анықталып, 28 жойылды.

Жоғарыда аталған көшелерден «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының қызметкерлерімен тиісті сынамалар алынып, жол сапасын зертхананың қортындысынан кейін қосымша хабарлайтын боламыз.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: