Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әрбір өрт сөндіруші – қаһарман

05.02.2021, 11:40 2228

Жедел-құтқару қызметтеріне оңай жатталып, тез терілетін телефон нөмірлері берілген. Солардың ішінде өрт сөндіру қызметі «101» болып бірінші тұр. Бұл демде лаулап, дес бермей кететін қызыл жалынның қауіптілігін ғана емес, өмірі өрт өтінде жүретін жандардың жұмысы қаншалықты қиын екендігін де айғақтаса керек.

Өрт сөндіруші мамандығы – өте маңызды және қауіпті сала. Өйткені, өрттерді шебер әрі тез сөндіру үшін, адам бойында тек ержүректілік қасиеті  болуы аздық етеді.  Әсіресе аптап ыстық күндері өрт оқиғалары жиілей түседі. Сондықтан өрт сөндіру қызметінсіз қоғамымызды елестете алмаймыз. Осы орайда төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, өрттерді сөндіру, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу, оның ішінде коммуналдық шаруашылықтағы авариялар, облыстың ауылдық аудандарындағы су тасқыны, жол-көлік оқиғаларының салдары проблемасының неғұрлым тиімді шешімі Жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен шалғай елді мекендерде өрт сөндіру бекеттерін құру, өрт сөндіруші мамандарын дайындау, өрт қызметін техникалық тұрғыдан жаңарту болып табылады. Шыны керек аяқ асты өрт тұтана қалған жағдайда кез келген адам сол жерді тастай қашуға, үрейге берілуге даяр тұрады. Ал төтенше жағдайлардағы өрт сөндіру мамандары сондай сәтте керсінше жалынның ортасына жүгіре жөнеледі. Бұл оның қызметі ғана емес, міндеті. Сондықтан кейбір жағдайларда азаматтық көмегін ұсынып, көшеде кетіп бара жатқан төтенше жағдайдың куәгері өрттен зардап шегушіні құтқаруға тырысса дереу марапаттап жататынымыз да содан. Өйткені, өрт оңай жау емес.

Нағыз ер азаматтарға, жүректілерге ғана тән мамандық үлкен батылдықты талап етеді.  Бұл қасиеттердің барлығын № 6  өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші азаматтық қорғау сержанты Жиенбаев Бисенбек Жолдасұлының бойынан көруге болады.

Мәселен,   2020 жылғы 23 тамыз күні Қызылорда қаласы, Саяхат мөлтек ауданында болған өрт оқиғасында өзінің кәсіби даярлығын жетік меңгергендігінің арқасында өрт ошағынан сыйымдылығы 27 литр 2 дана газ баллонын қауіпсіз жерге шығарды. Қәп сәтте ыстық жалын ішінпн шыққан бұл газ баллондарының әп сәтте жарылып кету қаупіне қарамастан,  өзгелердің өмірін аман алып қалу үшін өз күшімен сыртқа көтеріп алып шыққан болатын. Тіпті, сол жылдың  01 қараша күні Қызылорда қаласы, Ақмаржан мөлтек ауданындағы орын алған өрт оқиғасында да табандылығымен, ержүректілігімен  жастарға үлгі бола бірген  азаматтық қорғау сержанты Б. Жиенбаев өртті сөндіру кезінде берілген тапсырмаларды дер кезінде сапалы орындап өрт ошағынан сыйымдылығы 50 литр газ баллонын қауіпсіз жерге шығарған болатын. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші ел мүддесі үшін қашанде алдыңғы шепте жүрген өрт сөндіру қызметінің әрбір өрт сөндіруші құтқарушысы зор құрметке лайық.          

Олар әрбір отбасында болған төтенше жағдай кезінде көмекке ділгір жандардың бірі. Алайда кеудедегі жұлдыздар мен ақ қағаздағы марапатқа емес, халықтың шынайы ризалығына, солардың ақ батасы мен алғысын абырой санайтын ержүрек батырлар.
 


Қызылорда облысы ТЖД

Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: