Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада 19 нысан пайдалануға берілмек

11.12.2020, 10:30 777

HALYQLINE.KZ Биыл 11 айының қорытындысымен 8 нысан пайдалануға берілді. Сонымен қатар, тікелей басқарма арқылы 31 әлеуметтік нысанның құрылысы басталған. Жыл соңына дейін барлығы 19 әлеуметтік нысан пайдалануға беріледі. Қалғаны келер жылға өтпелі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Арнұр Нұрмағанбетов баяндады.

Ағымдағы жылы облыста сатып алу құқығынсыз жалға берілетін жалпы ауданы 815 пәтерді құрайтын 51,4 мың шаршы метр 20 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде, Қызылорда қаласында 725 пәтерлі 15 тұрғын үй, Шиелі ауданында 90 пәтерді құрайтын 5 үй. Жыл аяғына дейін 698 пәтерді құрайтын 15 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда, – деді Арнұр Әлібекұлы

Қазіргі таңда, Қызылорда қаласында көпбалалы отбасыларға 10 пәтер сатып алу үшін және Жаңақорған ауданында 18 пәтерлі бір тұрғын үйді сатып алу үшін облыстық бюджеттен 140,9 млн теңге қаржы бөлінген. Келер жылы тұрғын үйлердің құрылысына 1,8 млрд теңге, атап айтсақ халықтың әлеуметтік осал топтары үшін Шиелі ауданында 18 пәтерлі 4 үйдің құрылысына 519,4 млн теңге, Байқоңыр қаласында 50 пәтерлі 5 үйдің құрылысына 1225,2 млн теңге, аз қамтылған көпбалалы отбасылар үшін Сырдария ауданында үш бөлмелі 3 тұрғын үй құрылысына 38,4 млн теңге қаралған.

Сонымен бірге, халықтың әлеуметтік осал топтары мен аз қамтылған көпбалалы отбасылар үшін 342 пәтер сатып алуға Ұлттық қордан 2,9 млрд теңге бөлінбек.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: