Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Есірткісіз өмір ғажап

17.11.2020, 18:15 1417

Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған байқауға

Әрбір өмір сүріп отырған қоғамның жағымды және жағымсыз тұсы қатар жүретіні барлығымызға белгілі. Бүгінде басты мәселесінің бірі есірткі дерті екені ешбірімізге таңсық емес. Мұның барлығын психолог мамандар күйзеліс салдарынан деп топшылайды. Қазақ халқы ежелден «аурудың алдын ал, даудың алдын ал, қайта шапқан жаудың алдын ал» деп тегін айтпаса керек. Қазіргі таңдағы өзекті мәселердің ең үлкеніне айналған есірткі індеті барша халықты алаңдатып отыр. Нашақорлық тамырын тереңге жайған қауіпті індетке айналды. Бұл кеселдің артуының басты себебінің бірі еліктеушіліктен деп ойлаймын. Қазіргі жас шыбық, әсіресе өскелең ұрпақ есірткінің құрығына жылдам арбалады.

«Ертеңіңді ойласаң, есірткіге жолама» деп тегін айтылмаса керек. Есірткінің басты мақсаты – мына әлемнен алыстатып, өз құрсауына түсіру. ХХІ ғасырдың болашағы кемел жастары санамызды сұрықсыз індеттің құлына айналдырып қажет емес. Нашақорлықтың ауру екенін пайдаланушылардың мойындамауы қалыпты. Басында бір сәттік ғажап болып көрінгенімен, кейін санаңызды улап, тағдырыңызды тұмандап, бұл әлемнен бөлек әкетеді. Оның соңы көп жағдайда өлімге әкелері анық.

Тарихымызды тасқа қашап жалған еліміз үшін бұл дертті жеңу де қиынға түспейтіні анық. Ата-ана, отбасы, ұстаздар, мектеп басшылығы болып дерттің алдын-алуға барынша ықпал жасауы қажет. Ең бірінші бала психологиясын зерттеп, зерлелеп мұқтаждығын анықтаған жағдайда дерттің алдын-алуда жеңіл болады. Бұл ретте психолог мамандардың атқарар үлесі мол. Егемендігіміз еңселі, рухымыз биік, болашағымыз бағдарлы болсын. Жастарымыз жат әдеттерден бойын аулақ ұстап, жарқын болашақтың кеменгері болсын. Расымен де, есірткісіз өмірдің ғажап екенін ұмытпайық!

Аслан ЫСҚАҚ,

Ілияс Қабылов атындағы №32 мектеп-лицей,

Жалағаш ауданы,

Мәдениет ауылы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: