Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қоғамдық көлік қызметі нашарлап барады

14.10.2020, 9:00 1280

HALYQLINE.KZ

Құрметті автобус паркінің жауапты қызметкерлері! Сіздерге қала тұрғындары атынан төмендегідей шағымымызды білдіргіміз келеді.

Кейінгі уақытта қала ішіндегі автобустардың қатынауы күннен-күнге сиреп барады. Автобустардың қызмет көрсету сервисі жылдан-жылға жақсара ма деп күтсек, бүгінде керісінше күн санап нашарлауда. Мен көлік картасын пайдаланушымын және сол бағдарлама арқылы қоғамдық көліктердің бекітілген қозғалыс картасын да мобильді телефонымнан көре аламын. Аталған мобильді қосымша (SMS BUS) бүгінде жұмыстан 19:00 мен 20:00 аралығында шыққан халыққа тиімді, яғни карта арқылы қоғамдық көліктердің бағыттарын көре аласың.

Жазып отырған шағымыма қоса қосымша суретте №18 автобус бағытының жолын ұсынып отырмын. Өздеріңізге белгілі, №18 бағыт Тасбөгет кенті мен облыстық туберкулез ауруханасы аралығында қатынайды. Күндіз бұл бағыттағы автобустардың қатынауына шағым жоқ, алайда кешкі уақытта ешқандай автобус Ақмешіт, Рисмаш, ЦКЗ аудандары бағытына қарай қатынаулары сиреп, тіпті сағат 19:30-да тоқтап қалады.

Күнделікті күйбің тірлік, бүгін тағы да жұмыстан шыға салып автобус аялдамасына келдім. Аталған мобильді қосымшамды қосып, №18 бағытын картадан қарадым, сол күнделікті жағдай. Автобустар Тасбөгет кентінің соңғы аялдамаларында ғана көрініп тұр. Сағат 19:55, әлі де үміттеніп автобус келіп қалар деп күтудемін, карта бағыты бойынша 4 автобус көрінді. Алайда, бір қызығы, барлық 4 автобус Тасбөгет кентінің бағытына қарай беттеген, бірде-бір автобус кері бағытта жоқ. Тәуекел, сағат 20:20, әлі күтудеміз, аялдамада адамдар көбеюде, жаңағы карта бағыты бойынша беттеген 4 автобус көзден таса кетіп өшіп, 2 автобус Тасбөгет кентінің соңғы аялдамасында жүрместен тұр. Бұны қалай түсінуге болады? Қоғамдық көліктер регламент бойынша сағат 22:00-ге дейін бекітілген емес пе? Әлде мен қателесіп отырмын ба? Сағат 19:30-ға дейін жүре ме сонда? Олай десең, неге №17 бағыттағы автобустар тоқтаусыз жүріп жатыр. Бұл бірінші жағдай емес, автобус жүргізушілеріне неге 19:00-ден кейін жүрмейсіздер десек, ақтамайды деп жауап береді. Ақталмайтындай біздің көліктер бензинмен емес газбен жүрмей ме? Бүгінгі таңда жұмыс уақыты 20:00-де аяқталатын қала тұрғындарына мына жағдай қиындығын тудыруда.

Құрметті сала мамандары! Неге кешкі уақытта Рисмаш, ЦКЗ, Абзал и К аудандарына №18 бағыт қатынамайды? Сол аумақтардың халқын елемей, қоғамдық көліктер неге ерте тоқтап қалады? Жоғарыда атап өткен мәселені қолға алып, жауапты қызметкерлер №18 бағытын бақылап, қоғамдық көліктің уақытын ең болмаса 21:00-ге дейін ұзартып берулеріңізді сұраймыз.

Дмитрий  ХЕ,

(13.10.2020 жылы Фейсбуктегі «Қызылорда» тобына жариялаған жазбасынан).

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: