HALYQLINE.KZ Ақмарал Мирамбекқызы Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында 1983 жылдың 10 сәуірінде дүниеге келген. 1989 жылы Қармақшы ауданы Ш.Уәлиханов атындағы №26 мектеп табалдырығын аттап, 2000 жылы осы мектепті аяқтаған. 2000 жылы Қызылорда облыстық медициналық колледжіне оқуға түсіп, 2003 жылы осы колледжді «Емдеу ісі» мамандығы бойынша тамамдаған.
Еңбек өтілін 2004 жылы Қармақшы ауданы, Ш.Уәлиханов атындағы №26 орта мектепте медбике қызметінен бастады. 2010 жылдан бері ҚР ТЖМ «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Қызылорда облысы бойынша филиалында фельдшер қызметінде.
Төтенше жағдайлар саласындағы ақ халатты абзал жан – Ақмарал Мирамбекқызының құтқару жұмыстары кезіндегі медициналық қызметі еленіп, 2013 жылы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің, одан кейін Төтенше жағдайлар департаментінің «Алғыс хаттарымен», ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ бастығының «Құрмет грамотасымен» марапатталған. Отбасында сүйікті қыз тәрбиелеп отырған абзал ана.
Ақмарал Мирамбекқызының күнделікті қызметімен қоса хоббиі көп өнерлі жан. Атап айтқанда, саламатты өмір салтын ұстанады, спортқа жаны құштар, оған қоса сурет салғанды, түрлі киімдерді тоқығанды, қолөнермен айналысқанды және әртүрлі эксклюзивті дара, ешкімде кездесе бермейтін сөмкелер тоқығанды жаны сүйеді. Оның тоқыған сөмкелері көпшіліктің сұранысына ие. Әрбір сөмкесін өте үлкен махаббатпен дайындайтындығы оның жұмыстарынын көрініп тұрады. Ақмаралға еліміздегі отбасы күні, келе жатқан Құтқарушылар күні қарсаңында қызметің абыройлы, өнерің үстем бола берсін дейміз.
Айгүл НҰРМАНОВА,
Қызылорда облысы ТЖД бас маманы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!