Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Ақмаржан» агромәдени фестивалі өтеді

20.10.2026, 11:50 60

HALYQLINE.KZ

23-24 қазан күндері Қызылорда облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Ақмаржан» агромәдени фестивалі өтеді.

23 қазан күні сағат 11:00-де Қызылорда қаласындағы Құзыреттілік орталығында облыс әкімі Мұрат Нәлқожаұлы Ергешбаевтың қатысуымен дала еңбеккерлерін ұлықтауға арналған салтанатты іс-шара өтеді.

24 қазан күні Қызылорда қаласы мен барлық ауданның қатысуымен отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау, халықты сапалы әрі табиғи өнімдермен қамтамасыз ету мақсатында «Дала дәмі» ауыл шаруашылығы өнімдерінің кең көлемді жәрмеңкесі ұйымдастырылады.

Бұдан бөлек, 24 қазан күні қалалық ипподромда ат спортының айшықты дәстүрін дәріптейтін тағылымды іс-шаралар өтеді. Сағат 10:00-де «Сыр саңлағы» ұлттық спорт ойындары, ал сағат 11:00-де жүйріктер сынға түсетін «Сыр маржаны бәйгесі» ұлттық ат жарысы ұйымдастырылады.

Қадірлі ағайын!

Берекелі күздің шаттығын бірге бөлісіп, еңбек адамын ұлықтап, Сырдың ырысы мен мерейін асыратын мерекелік іс-шаралардың қадірлі қонағы болыңыздар!

«Ақмаржан» агромәдени фестивалі – дала еңбегінің жемісі, ел берекесінің мерекесі!

Баршаңызды мерекелік іс-шараларға шақырамыз!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: