Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ағайынды жігіттердің құс шаруашылығы

16.10.2026, 12:00 46

HALYQLINE.KZ

Арал ауданына қарасты Қамыстыбас ауылдық округінің тұрғыны, жеке кәсіпкер Өтеген Шағамбаев мемлекеттік қолдаудың арқасында құс шаруашылығын қолға алды. Кәсіпкер 2,5 пайыздық жеңілдікпен 8,4 млн теңге несие алып, інісі Бауыржан Жұмабековпен бірге жаңа кәсіпті бастады. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі ақпарат таратты.

Ағайындылардың негізгі мақсаты – шаруашылықты жүйелі түрде дамытып, құс шаруашылығының мүмкіндіктерін тиімді пайдалану арқылы өз кәсібін өркендету. Бұл бастама ауылдық жерде кәсіпкерлікті дамытуға, еңбекпен табыс табуға және жергілікті экономиканың нығаюына бағытталған.

Мемлекеттік қолдауды тиімді пайдаланып, кәсіп бастауға бел буған азаматтардың бұл қадамы – ауыл тұрғындары үшін де үлгі боларлық бастама. Өйткені ауыл шаруашылығы саласындағы әрбір жаңа кәсіп – еңбекке негізделген табыс көзі мен ауылдың әлеуетін арттыруға қосылған үлес.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: