Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жемқорлық туралы хабар бергендерге 10 млн теңге сыйақы берілмек

01.02.2020, 8:13 640

Елімізде жемқорлық туралы хабар берген адам параның 10 пайызына дейінгі мөлшерде сыйақы ала алады. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев 2019 жылдың қорытындысына арналған агенттіктің алқа мәжілісінде мәлімдеді.

– Үкімет Президенттің тапсырмасын іске асыру мақсатында сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша хабарламалар үшін азаматтарды көтермелеудің жаңа жүйесі туралы қаулыны бекітті. Енді ЭЫДҰ қатарындағы көптеген елдердегі секілді сараланған сыйақы болады, – деп атап өтті агенттік төрағасы.

Осы орайда агенттік төрағасы жемқорлық туралы хабарлаған адам соттың айыптау үкімінен кейін пара сомасының 10 пайызын алатынын жеткізді. Бірақ ол үшін сотта ұсталған адамның кінәсі дәлелденуі керек.

– Ең жоғары сыйақы мөлшері 10 млн 600 мың теңгені құрайтын болады. Бұл жаңашылдық азаматтарды жемқорлықпен нақты күреске барынша тартуға елеулі серпін береді деп есептейміз, – деді Алик Жатқамбайұлы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: