Еліміздегі алғашқы Құрылтай депутаттарын жаңа қызметтерімен құттықтаймын. Заң шығару органы – қасиетті орын. Онда С.Зимановтың, С.Сартаевтың, М.Оспановтың, Ә.Кекілбайдың, Ш.Мұртазаның, М.Шахановтың, А.Айталының іздері жатыр. Солардың жолдары мен абыройын сіздерге берсін. Олар кезінде Парламентке жан кіргізіп, елдің мұң-мұқтажын жеткізіп, үкіметке оппозиция бола білді.
Құрылтай құрамының жартысынан астамы жаңа адамдар екен. Бұл – үлкен жаңалық. Популистер пен оңды-солды өздерін жарнамалайтын бұрынғы депутаттардың тізімде жоқ болғаны да дұрыс болды деп ойлаймын. Заң шығару жолында ел мен халықтың мүддесі басым бағытта болсын деймін. Сәттілік серіктеріңіз болсын.
Мұрат БАҚТИЯРҰЛЫ.
Әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды.
Коллаж: qaz.ulysmedia.kz
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!