Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шиеліде көпір құрылысы қарқынды іске асуда

16.08.2026, 0:30 31

Шиелі ауданының әкімі Айтбай Жандарбеков тиісті сала басшыларымен бірге Шиелі кентіндегі көпір құрылыстарының барысымен танысты.

Қазіргі таңда Шиелі кентіндегі Есабыз көшесінің бойында көпір құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, Есабыз және Ә.Молдағұлова көшелерінің қиылысындағы К-4 каналында автомобиль көпірінің құрылысы жүзеге асырылуда.

Есабыз көшесі бойындағы көпір құрылысының мердігері «УАД» ЖШС болса, К-4 каналындағы автомобиль көпірінің құрылысын «Гулнур МК» ЖШС жүргізуде.

Аудан әкімі құрылыс жұмыстарының сапалы әрі талапқа сай жүргізілуіне ерекше назар аударып, нысандарды белгіленген мерзімде аяқтаудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, құрылыс барысында қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау, пайдаланылатын материалдардың сапасын қамтамасыз ету және жұмыс қарқынын бәсеңдетпеу жөнінде жауапты сала басшылары мен мердігер мекеме өкілдеріне нақты тапсырмалар берді.

Айта кетейік, К-4 каналындағы автомобиль көпірінің құрылысы аяқталғаннан кейін аудан тұрғындары үшін көлік қозғалысы едәуір жеңілдеп, жол қауіпсіздігі артады. Сонымен қатар, жаңа көпір кент ішіндегі қатынасты жақсартып, тұрғындардың күнделікті жүріп-тұруына қолайлы жағдай қалыптастырады. Бұл өз кезегінде елді мекеннің инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамытуға оң ықпал етпек.

@Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: