Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жол инфрақұрылымы жұмыстары жүргізілуде

16.08.2026, 0:26 37

Шиелі ауданының әкімі Айтбай Жандарбеков тиісті сала басшыларымен бірге Шиелі кентінде жүргізіліп жатқан автомобиль жолдарын қайта жаңғырту жұмыстары барысымен танысты.

Қазіргі таңда Шиелі кентіндегі Қожа Ахмет Яссауи, Ш.Бәкіров, Есабыз және А.Байтұрсынов көшелерінің қиылысынан К-4 каналы арқылы өтетін көпірге дейінгі автомобиль жолдарын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

Жобаның жалпы құны 1 млрд 520 млн теңгені құрайды. Қайта жаңғыртылатын автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 4,04 шақырым. Жобаның бас мердігері «УАД» ЖШС, техникалық қадағалаушысы «СК Энерго-OIL» ЖШС, ал авторлық қадағалауды «СпецМонтажСтрой LTD» ЖШС жүзеге асырады.

Жоба аясында Қожа Ахмет Яссауи көшесін төрт жолақты етіп қайта жаңғырту көзделген. Сонымен қатар, жолдың жүріс бөлігі жаңартылып, жаяу жүргіншілерге арналған жолдар салынады.
Жоба толық аяқталғаннан кейін аталған көшелердің инфрақұрылымы заманауи талаптарға сай жаңартылып, жол бойы абаттандырылады. Сондай-ақ заманауи үлгідегі аялдамалар орнатылып, жол белгілері мен жол таңбалары жаңартылады. Көше жарықтандыру жүйесі де толықтай жаңғыртылатын болады.

Жұмыс барысымен танысқан аудан әкімі құрылыс жұмыстарының сапасына ерекше мән беріп, жұмыстарды бекітілген талаптар мен жобалық құжаттамаға сәйкес жүргізу қажеттігін атап өтті.
Сонымен қатар, мердігер мекеме өкілдеріне құрылыс қарқынын бәсеңдетпей, жұмыстарды белгіленген мерзімде сапалы аяқтау, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау жөнінде нақты тапсырмалар берді.

@Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: