Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жаңақорғанда ірі өндірістік жоба жүзеге асырылуда

07.07.2026, 11:16 70

Бүгін Жаңақорған ауданының әкімі Ғалымжан Жарқынбек ауданда жүзеге асырылып жатқан ірі инвестициялық жобаның құрылыс алаңына барып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.

«Горнодобывающая компания Хонда» ЖШС жүзеге асырып жатқан жоба аясында Жалғызағаш–Бурабай аумағында қорғасын-мырыш кенін байыту фабрикасы салынады. Жобаның жалпы құны – 62 млрд теңге. Өндіріс орны жылына 60 мың тонна қорғасын және мырыш концентратын өндіруге қауқарлы. Жоба толық іске қосылғанда 350 жаңа жұмыс орны ашылып, өңірдің әлеуметтік — экономикалық дамуына серпін береді.

Қазіргі таңда геологиялық барлау жұмыстары толық аяқталып, өнім өндіруге қажетті лицензия алынған. Құрылыс жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде.

Бұл жоба – 2027–2028 жылдары жүзеге асырылатын, жалпы құны 536,6 млрд теңгені құрайтын 6 ірі инвестициялық жобаның бірі. Мұндай бастамалар ауданның өндірістік әлеуетін арттырып, жаңа жұмыс орындарын құруға және инвестициялық тартымдылығын нығайтуға зор үлес қосады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: