Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мемлекеттік қызметшілер марапат төрінен көрінді

24.06.2026, 10:05 73

HALYQLINE.KZ

Жаңақорған ауданы әкімі Мажит Самитовтың қатысуымен 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған «Адал қызмет – елге құрмет» атты салтанатты шара өтті. Оған мемлекеттік органдардың басшылары, сала ардагерлері мен мемлекеттік қызметшілер қатысты. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мерекелік жиында аудан әкімі мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосып жүрген үлестерін ерекше атап өтті.

– Баршаңызды кәсіби мерекелеріңіз – Мемлекеттік қызметшілер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Мемлекеттік қызмет – үлкен жауапкершілік пен адалдықты талап ететін абыройлы міндет. Сіздер ауданымыздың өсіп-өркендеуіне, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға және мемлекеттік саясаттың тиімді жүзеге асуына өлшеусіз үлес қосып келесіздер. Ел игілігі жолындағы адал еңбектеріңіз әрдайым құрметке лайық. Қай салада қызмет атқарсаңыздар да халық сенімін ақтап, мемлекет мүддесіне қалтқысыз қызмет ете берулеріңізге тілектеспін, — деді аудан басшысы.

Салтанатты іс-шара барысында мемлекеттік қызмет саласында ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек етіп, ауданның дамуына сүбелі үлес қосқан бірқатар азамат марапатталды. Атап айтқанда, ауданның ең жоғары наградасы – «Жаңақорған ауданының дамуына қосқан үлесі үшін» медалі, сондай-ақ аудан әкімінің Алғыс хаттары табысталды.

Жиында мемлекеттік қызмет саласының ардагері, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірсерік Тақырбасов сөз сөйлеп, мемлекеттік қызметтің қоғамдағы маңызына тоқталып, әріптестеріне ізгі тілегін жеткізді.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет қатарына жаңадан қабылданған жас мемлекеттік қызметшілердің салтанатты түрде Ант беру рәсімі өтті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: