Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Көгалдандыру жұмыстары – аудан келбетінің айнасы

18.06.2026, 16:55 58

HALYQLINE.KZ

Бүгін Шиелі ауданының әкімі Айтбай Жандарбеков ардагерлермен бірге аудан орталығында көркейту, көгалдандыру және абаттандыру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысын бақылады, деп жазады баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, Әл-Фараби көшесінің бойына ағаш көшеттері отырғызылып, жасыл желекті көбейтуге айрықша көңіл бөлінуде. Бұл жұмыстар қоршаған ортаның экологиялық ахуалын жақсартып қана қоймай, ауданның сәулеттік келбетін айшықтап, тұрғындар үшін қолайлы әрі көрікті орта қалыптастыруға бағытталған.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде Әл-Фараби көшесінің бойында орналасқан тұрғын үйлер мен аумақтардың келбеті ажарланып, көшенің сән-салтанаты арта түскен.

Көгалдандыру мен абаттандыру іс-шаралары алдағы уақытта да кезең-кезеңімен жалғасып, ауданның көркін арттыруға өз үлесін қоса бермек.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: