Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев «BI Group» компаниясының акционері, директорлар кеңесінің мүшесі Бауыржан Исабаевпен кездесті.
Кездесуде өңірде инвестициялық жобаларды іске асыру, инфрақұрылымды дамыту, көшелерді абаттандыру және қаланың шет аймақтарына әлеуметтік нысандар салу мәселелері талқыланды.
Кейінгі жылдары «BI Group» компаниясының ауқымды инвестициялық және инфрақұрылымдық жобалары өңір келбетін жаңғыртқаны белгілі.
Атап айтқанда, «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясы – бір мезетте 500 оқушыны, тәулігіне 3 мыңға дейін баланы қабылдайтын көпфункционалды орталық. Мұнда спорттық және шығармашылық үйірмелермен қатар, робототехника, жасанды интеллект, 3D модельдеу және түрлі оқу-зертханалық кабинеттер жұмыс істейді.
Ботаникалық бақ – экологиялық мәдениетті дамытуға және жаңа қоғамдық кеңістіктер құруға бағытталған жоба. Бақта әлемнің түрлі аймақтарынан әкелінген 92 түрлі 3300-ден астам өсімдік өсіріледі, нысан заманауи микроклиматтық және суару жүйелерімен жабдықталған.
Жақында пайдалануға берілген «AI-KERIM» оқу-сауықтыру орталығы халықаралық стандарттарға сай, 300 орынға арналған көпфункционалды кешен ретінде қызмет атқарады. Құрамында әкімшілік блок, event-аймақ, жатақхана бар.
Бұдан бөлек, қалалық мәдени-демалыс паркі мен Президент саябағы қайта жаңғыртылып, заманауи демалыс аймағына айналды. Мұнда субұрқақтар, амфитеатр, спорт және ойын алаңдары, жүгіру, велосипед жолақтары салынып, 31 гектар аумаққа жасыл желек егілді.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!