Олар ағарған шаштан, түскен әжімнен және уақыттың тоқтаусыз ағысынан қорқады…
Бірақ олардан әлдеқайда қауіпті бір нәрсеге өте аз адам ғана назар аударады…
Ол – жан дүниеде пайда болатын сызаттар мен жаралар…
Өкпе-реніш пен түңілу…
Кекшілдік пен ыза…
Немқұрайдылық…
Болашаққа деген сенім мен арман-мақсаттарды жоғалту…
Өйткені уақыт тек тән мен денені ғана қартайтады…
Ал қараусыз, ескерусіз қалған ішкі жан дүниенің жарасы ғана адамның рухы мен санасын қартайтады.
Беттегі әжім өткен өмірдің тарихын баяндаса, жан дүниедегі сызаттар бүкіл өміріңнің жарығын сөндіріп тастай алатын күшке ие…
Сондықтан, жас көріну үшін бүкіл қуатыңды сарқығанша, сені шынымен «тірі» етіп ұстайтын мына бір құндылықтарды сақтап қалуға барыңды сал:
Сүйе білу қабілеті…
Ризашылық пен алғыс айта білетін жүрек…
Жақындық пен толғаныс сезімі…
Қарапайым нәрселерден сұлулықты көре білетін парасат…
Бет-бейнеде қалатын уақыттың ізінен қашып құтылу мүмкін емес…
Алайда, көңілде қалған сол бір жараларды емдеп, жазуға қазірдің өзінде сенің толықтай мүмкіндігің бар…
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ
Фото: media.istockphoto.com
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!