Форум барысында ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті, академик Асқар Жұмаділдәев Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ғылыми және гуманитарлық ықпалдастықты тереңдетудің маңызына арналған форумға қатысып, екі елдің байланысы көтерілуі керек деп пікір білдірді.
Оның айтуынша, бүгінде Қазақстан мен Өзбекстан Ғылым академиялары бірқатар ортақ жобаларды бірлесіп жүзеге асырып келеді. Бұл өзара байланыстың жай ресми әріптестік аясында қалмай, нақты ғылыми бастамалар мен мазмұнды жобаларға ұласқанын көрсетеді.
Академик форум аясындағы негізгі міндеттердің бірі – екі елге ортақ мәселелерді ашық көтеру, ғылыми қауымдастық арасындағы байланысты күшейту және ғылым, білім, гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты жаңа арнаға бұру екенін айтты.
– Бүгінде Қазақстан мен Өзбекстан Ғылым академиялары ортақ жобаларды бірлесіп жүзеге асырып жатыр. Біздің осы форум аясындағы маңызды мақсаттарымыздың бірі – бар проблемаларды көтеріп, екі ел арасындағы байланысты арттыруға ықпал ету және ғылым, білім, гуманитарлық сала бағыттарындағы ынтымақтастықты жаңа жолға түсіру, – деді Асқар Жұмаділдәев.
Айта кетейік, қазақ және өзбек зиялыларының алғашқы форумы былтыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Астана қаласында өткен болатын. Бұл бастама бауырлас екі ел арасындағы рухани, ғылыми және зияткерлік байланысты нығайтуға бағытталған маңызды алаң ретінде бағаланып отыр.
Фото: Видеодан скрин
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!