Облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов Сырдария ауданына жұмыс сапарымен барып, бірқатар әлеуметтік нысанның жұмысымен танысты.
Жұмыс сапары аясында ол алдымен Бесарық ауылындағы жаңа спорт кешеніне барды. Заманауи талапқа сай бой көтерген нысан ауыл тұрғындарының бұқаралық спортпен шұғылдануына, жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне және салауатты өмір салтын қалыптастыруға мүмкіндік беріп отыр. Спорт кешенінің материалдық-техникалық базасы толық жабдықталған.

Бұдан кейін облыс әкімінің бірінші орынбасары Нағи Ілиясов ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның жұмысын көрді. 2023 жылы пайдалануға берілген медициналық мекемеде тұрғындарға алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетіліп, профилактикалық тексерулер мен жоспарлы ем-шаралар жүргізілуде.
Жұмыс сапары барысында аудандағы «Руханият орталығының» да қызметі назарға алынды. Қазір бұл нысан аға буын мен жастардың басын қосатын рухани-мәдени орынға айналған. Мұнда түрлі іс-шара өткізуге қолайлы жағдай жасалған.
Сонымен қатар кейінгі жылдары салынған тұрғын үйлердің жай-күйі де зерделенді. Данияр Жаналинов әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлердің сапасын арттыру, оларды тиімді пайдалану және тұрғындар үшін қолайлы жағдай қалыптастыру бағытындағы жұмысты жалғастыру қажет екенін атап өтті.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!