Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Даңғыл қайта жаңғыртылуда

17.03.2026, 9:40 36

HALYQLINE.KZ

Аймақ басшысының тікелей қолдауымен шаһардың жол-көлік инфрақұрылымы қарқынды дамуда. Көшелердің аясы кеңейіп, жолдар жөнделуде. Көпірлер де кезегімен жаңаланып, жаңа өткелдер салынуда. Сондай жұмыстың бірі Н.Назарбаев даңғылында жүзеге асырылуда.

Қызылорда қаласы әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, мердігер мекеме «УАД» ЖШС Б.Баймаханов көшесінен Тасбөгет кентіне кіреберіс көпірге дейінгі Н.Назарбаев даңғылын қайта жаңғыртуды бастады. Жобада қаралғандай, Тасбөгет кентіндегі Есенов көшесі екі жолақтыдан төрт жолақтыға дейін кеңейтіледі және Амангелді көшесіне асфальт жабындысы төселеді. Аталған жолдардың бойына жарықшамдары орнатылады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: