Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Семейде су тасқыны қаупі күшейіп, бірнеше көшені су басты

10.03.2026, 9:25 49

Семей қаласында қардың қарқынды еруі мен жауын-шашынның салдарынан жеке сектордағы бірқатар көшелерді су басу қаупі туындады. Су тасқыны қаупі әсіресе Щорс, Стаханов, Уәлиханов және Заречная көшелеріндегітұрғын үйлерге төніп отыр. Қалыптасқан жағдайға байланысты қала әкімдігі су басу салдарын жою үшін арнайы техникалар мен мамандарды жұмылдырған. Қазіргі уақытта 65 бірлік техника, 20 мотопомпа және 250-ге жуық қызметкер, оның ішінде Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары тәулік бойы жұмыс жүргізуде.

Соған қарамастан, жергілікті тұрғындар кейбір аумақтарда техниканың жетіспейтінін және нөсер кәріз жүйесінің жоқтығын айтып шағымдануда.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 10 наурыз күні қаладағы мектеп оқушылары мен колледждердің төменгі курс студенттері үшін дәстүрлі форматтағы сабақтар уақытша тоқтатылды.

Фото: Informburo.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: