Air Astana әуе компаниясы Таяу Шығыс елдеріне қатынайтын бірқатар тұрақты рейстердің уақытша тоқтатылғанын мәлімдеді.
Әуе компаниясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, аймақтағы қауіпсіздік жағдайының күрделенуіне байланысты Дубай, Жидда, Медина және Доха бағытындағы рейстер уақытша орындалмайды. Компания жағдайды тұрақты түрде бақылап отырғанын және жолаушыларды қосымша ақпаратпен дер кезінде хабардар ететінін айтты.
Сонымен қатар аталған бағыттарға билет алған жолаушыларға билеттерін тегін қайта брондау немесе толық қайтару мүмкіндігі ұсынылады. Жолаушылар билеттерін сатып алған жері арқылы басқа күнге ауыстыра алады. Әуе компаниясы жолаушылардан рейстердің мәртебесін алдын ала тексеріп отыруды сұрады. Өйткені Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты ұшу және қону уақытына өзгерістер енгізілуі мүмкін.
Бұған дейін Иран әуе кеңістігінің жабылуы мен аймақтағы әскери шиеленістің күшеюі салдарынан халықаралық әуе қатынасы уақытша шектелгені хабарланған болатын.
Фото: logistan.info/
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!