Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Талап — тазалық тәртібі

06.02.2026, 22:04 38

Қала тазалығын сақтау – баршаға ортақ іс. Дегенмен, оны ұғынбай, шаһар тазалығына немқұрайлы қарайтын жандардың қатары әлі азаймай тұр. Осыған орай, тұрғындарды тазалық тәртібіне және мәдениетіне шақыру бойынша қадағалау күшейтіліп, рейдтік шаралар күнделікті жүргізілуде.

Бүгін қала әкімінің орынбасары Арнұр Нұрмағанбетов қала аумағында құрылыс пен тұрмыстық қалдықтарды белгіленбеген орындарға тастап, абаттандыру қағидаларын бұзу фактілері бойынша аралау жұмыстарын жүргізді.

Қалалық полиция басқармасымен бірлескен рейд барысында жүк көлік иелеріне, кәсіпкерлерге, тұрғындарға түсіндірме жүргізілді. Ал, қоқыс тасталған аумақтар «Қызылорда тазалығы» мекемесінің күшімен тазартылып, бірнеше азаматқа ескерту жасалды.

Айта кету қажет, рұқсат етілмеген, арнайы белгіленбеген орындарға қоқыс төгу фактілері анықталған жағдайда аталған құқық бұзушылыққа жол берген адамдарға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабына сәйкес шара қолданылады. Сонымен қатар, бұл заң тек көше арасында ғана емес, қоғамдық орындарда тазалық сақтамайтындар мен жолда кетіп бара жатып көліктің терезесінен қоқыс лақтыратындарға да қатысты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: