Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әлеуметтік нысандардың жағдайы тексерілді

06.02.2026, 15:30 65

Аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес, қалада соңғы жылдары пайдалануға берілген әлеуметтік нысандардың қазіргі жай-күйі мен ғимараттардың сапасына зерделеу жүргізілуде.


Қала әкімінің орынбасарлары, қалалық мәслихат депутаттары, қалалық «Amanat» партиясының атқарушы хатшысы мектептер мен емханаларда, мәдениет үйлерінде болып, ғимараттардың техникалық жағдайын, санитарлық талаптардың сақталуын және қызмет көрсету сапасын бақылады.


Зерделеу барысында анықталған бірқатар кемшіліктерге байланысты әлеуметтік нысандардың құрылысын жүргізген мердігер мекемелердің басшыларына барлық ақауларды белгіленген кепілдік міндеттемелер шеңберінде толық қалпына келтіру ескертілді. Сонымен қатар, мекеме басшыларына ғимараттарды күтіп-ұстау, абаттандыру және санитарлық тазалықты сақтау мәселесіне ерекше назар аудару қажеттігі тапсырылды.


Ерекше атап өту қажет, пайдалануға берілген нысандардың тек сыртқы келбеті ғана емес, ең алдымен қауіпсіздігі мен қолайлылығы басты назарда болуы тиіс. Зерделеу жұмыстары күнделікті жүргізілетін болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: