Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аудандағы диқандар 71 мың тоннадан астам күріш жинап, рекорд орнатты

04.02.2026, 12:05 97

Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қармақшы ауданының әкімі ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктері кеңінен айтты.

– Қармақшы ауданы ауыл шаруашылығына негізделген аудан екенін жақсы білесіздер. Сондықтан макроэкономикалық көрсеткіштердің басым бөлігі осы саладағы жетістіктермен тікелей байланысты. 2025 жылы ауданда 25 мың 513 гектар жерге егін егілді. Оның ішінде аудан үшін стратегиялық маңызы бар күріш дақылы 12 мың 993 гектар алқапқа орналастырылды. Нәтижесінде әр гектардан орта есеппен 54,7 центнер өнім алынып, жалпы көлемі 71 мың 143 тонна күріш қамбаға құйылды, – деді аудан әкімі Жандос Еркінбек.

Сонымен қатар тұрғындардың өз-өзін бақша өнімдерімен қамтамасыз етуі үшін 950 отбасы 415 гектар жерге егін егілгені де тілге тиек етілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: