«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 419.69 (1.28)

  • EUR: 510.89 (2.94)

  • RUB: 5.63 (-0.06)

Полиция Президентке ескерту жасады

27.05.2020, 14:25 403 1

HALYQLINE.KZ  Елде карантин жарияланған. Соның талабы бойынша мейрамханалар кешкі 23:00-ге дейін ғана жұмыс істейді. Ел президенті жұбайымен бір мейрамхананың ашық терассасында түн ортасына дейін отырып қалыпты.

Осыны байқап қалған полиция қызметкерлері ел президентіне ескерту жасаған.

Осы оқиғадан кейін мемлекет басшысы жұрттан кешірім сұрапты.

«Кешіріңіздер, уақыттың қалай зымырап өтіп кеткенін байқамай қалдым», – деп ағынан жарылып, ақталыпты.

«Мейрамханаға салынған қомақты айыппұлды өз қалтамнан төлеп беремін», – депті.

PS. Оқиға Қазақстанда емес, Австрияда орын алған.

Біз де сондай – қатардағы полицей тәртіп бұзған президентке ескерту жасай алатын – жүйеге жететінімізге мен кәміл сенемін.

Халық сондай өзгеріске дайын. Енді билік соған дайын болуы керек!

Әміржан  ҚОСАНОВ,

саясаткер,

Facebook-тегі парақшасынан алынды.

Төмендегі сурет «Заң алдында бәрі бірдей» деген тақырыптағы карикатура

Пікірлер:
  • 🤣Ерте ерте ертеде деп бастау керек еді.Әміржан мырза.Ештеңе жазбай ақ қойыңызшы өтініш.Қайран алтын уақыттарым ай.6 бала шағамды үйде қалдырып күні түні елге өзгеріс жүргізуге атсалысамын.Бала шағамның болашағы үшүн деп.Бізде ешқандай өзгеріс болмайды.Қазақ халқы ақшаның құлы болып жүре береміз.Қазақтың ауруы дәл осы тұрғанда тек қана ақша.Митингіге ақша үшүн жер үшүн шығады ,тіл үшүн шықпайды.

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: